Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз құтты болсын!

Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз құтты болсын!

Кеше Жақсыбай ауылында Наурыз мерекесі орталық саябақта жоғары деңгейде тойланып өтті.Концерттік бағдарлама қойылып,ауыл тұрғындары,мектеп ұжымы,ауылдың келіндері және ауыл жастары атқа мініп шеру жасап, орталық алаңға жиналды.Саябағымызда ине шаншыр жер болмай ауыл тұрғындары көптеп жиналды.Биыл Наурыз мерекесі Қасиетті Рамазан  айымен тұспа-тұс келгендіктен,ауыл иманы құран бағыштап мерекелік бағдарламаның шымылдығын ашып, мемлекеттік әнұран мен жалғасын тапты.

Ауыл әкімі А.Каратаев тұрғындарды бүгінгі мерекемен құттықтап,алғыс хаттар табыстады. .Ауыл тұрғындары сап түзеп ұлттық қара жорға биін билеп берді.

 Мерекелік бағдарламада аударыспақ,қой көтеру,аркан тартыс,қол күрестен жарыстар өткізілІп, жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Сонымен қатар киіз үй тігіліп, ауыл тұрғындарына ыссылай шай,бауырсақ,палау,наурыз көже және балаларға тәттілер  тегін таратылды.Ауыл үлкендері киіз үйге кіріп,әзірленген тағамдардан ауыз тиіп,алғыстарын білдірді.Осы мерекелік тойды тойлауға ауылымыздың шаруа қожалық жетекшілері Доскалиев Алик жылқы, Абдрахманов Самат қой беріп демеушілік жасады.Сонымен қатар әкім аппараты,мекемелер және жеке кәсіпкерлерде өз үлестерін қосты.Кеште ауылдың барша ауыз бекіткен жандарына "Айбатыр" мейрамханасында ауызашар берілді.

Бүгінгі мерекеде елдің татулығы мен бірлігі  жастарымыздың отан сүйгіштігі айқын көрінді.