
Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, өңірдің барлық кәсіпорындар жұмысшыларын «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырады.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсының ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоспарлануда. Конкурс жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мен көбейту мақсатында өндірістегі үздік еңбек әулеттері мен жұмысшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс еңбек Адамының қоғамдағы беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға септігін тигізеді.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын (бір немесе екі жұбай балаларымен немесе немерелерімен бірге) қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар ұйымның жұмысшы тобы. Әулет басшысы болып бәрінен бұрын еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың барлық жұмысшылары қатыса алады. Өзіңіз басшылық жасап отырған ауылдық округ бойынша осы аталған конкурсқа қатысатын үміткерлерді анықтап 1 маусымға дейін ұсынуыңыз қажет.
Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жаңақала ауданы, Халықтар Достығы көшесі, № 69 үй, байланыс телефоны 8(71141)21-9-32; эл. мекен жайы: cps.2025@mail.ru.