ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА ОТАН АЛДЫНДА БОРЫШЫН ӨТЕГЕН САРБАЗДАР ҮЙЛЕРІНЕ АТТАНУДА

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА ОТАН АЛДЫНДА БОРЫШЫН ӨТЕГЕН САРБАЗДАР ҮЙЛЕРІНЕ АТТАНУДА

АУДАНЫМЫЗДА ОТАН АЛДЫНДА БОРЫШЫН ӨТЕГЕН САРБАЗДАР ҮЙЛЕРІНЕ АТТАНУДА

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі А. Көшкінбаев Жаңақала ауданының, Жаңақазан ауылында орналасқан 51809 «В» әскери бөлімінің запасқа шығарылатын сарбаздарды қабылдады.

Достық алаңында өткен салтанатты жиында аудан басшысы борышын өтеген сарбаздарға ізгі тілектерін білдіріп, сарбаздардың ата-аналарына арналған алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

51809 «В» әскери бөлімінің сарбаздарына Жаңақала ЖОББМ жанынан құрылған “Отан” әскери патриоттық клубының мүшелері және “Жас сарбаз” тәрбиеленушілері “Қару жарақты жабдықтау” рәсімін өткізді.

Ауданымызда орналасқан 51809 «В» әскери бөлімінде мемлекетіміздің Астана қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Манғыстау, және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінде отан алдындағы борышын өтеген 37 сарбаз алдағы күндері запасқа шығарылып, туған жерлеріне аттанады.