ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN»  ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

 

2025 жылдың 21 сәуір күні Жаңақала колледжі базасында «Worldskills Kazakhstan»  чемпионатынының «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша облыстық кезеңінің  ашылу салтанаты өткізілді.

«Worldskills Kazakhstan»   чемпионатының мақсаты бүкіл әлемде кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесін көтеру, жұмысшы кәсіптерін бүкіл әлем бойынша халықаралық конкурстар арқылы танымал ету, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.

 Чемпионатқа 10 колледж Ақжайық аграрлық- техникалық, Ақсай техникалық, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Бәйтерек, Жоғары инженерлік- технологиялық колледжі, Орал политехникалық, Қаратөбе, Тасқала, Шыңғырлау және Жаңақала колледждері студенттері қатысты.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әдістемелік орталығы директорының орынбасары А.Х.Масалимов, Жаңақала ауданының әкімі А.Ж.Көшкінбаев және чемпионаттың бас сарапшысы Б.К.Иксанов қатысты.

Аудан әкімі А.Ж.Көшкінбаев чемпионаттың ашылуымен құттықтап, қатысушы студенттерге сәттілік тіледі!