Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Жаңақала ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде көшеттер егу жұмыстары бастау алды.
Экологиялық акцияның басты мақсаты - тазалық мәдениетін қалыптастыру, тазалықты сақтау, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу.
Акцияға аудан әкімі А.Көшкінбаев, аудан ардагерлері,қоғамдық бірлестік өкілдері, аналар кеңесінің мүшелері, аудан жастары және спортшылары қатысты.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясындағы ағаш егу шаралары ауданымызда жүйелі түрде жүргізілуде.
Барша аудан тұрғындарын көгалдандыру жұмыстарына жұмыла атсалысуға шақырамыз!