Жұмысшы мамандықтар жылына орай, Жаңақала ауданында 16 сәуір күні Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз грант беру мемлекеттік бағдарламасы аясында Жаңақала ауданы бойынша 2022-2024 жылдары грант алушылардың өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 2022-2024 жылдары аралығында грант иегерлері атанған азаматтардың өнімдері ұсынылды.
Жәрмеңке әрмен қарай жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған «Еңбек адамы – елдің тірегі» атты жұмысшы мамандықтар форумына ұласты. Алғы сөз аудан әкімі А.Көшкінбаевқа берілді. Форум барысында Жаңақала желілік өндірістік басқарма бастығы – Таңатаров Айдарбек Жүсіпкерейұлы, Жаңақала колледжінің 2 курс студенті Қабдрахим Қолқанат Қобландыұлы, №3 Жалпы орта білім беретін мектебінің информатика кабинетінің зертханашысы Хамза Мөлдір Серікқызы ,«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының 3 курс студенті Русланова Айкүнім Русланқызы, «QAZAQGAZ AIMAQ» БҚО өндірістік филлиалы Жаңақала учаскесінің газ – дәнекерлеушісі Баймұқашев Ерболат Самиғоллаұлы,Жаңақала колледжінің 2 курс студенті Батырғазы Әли Саматұлы, Жаңақала колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының өндірістік оқыту шебері Хомиченко Гүлмира Берікқызы, Жаңақала колледжінің 2 курс студенті А.С.Шакират өздері жұмыс жасап және оқып жатырған жұмысшы мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, жастармен пікір алмасты.