«Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

«Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

«Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

 

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар:

  1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» қызметі. Қызмет ақылы: техникалық құжат үшін 0,5 АЕК, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі үшін 1 АЕК, тіркеу үшін 0, 25 АЕК;
  2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына сәйкес «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру». Қызмет ақылы: жеке тұлғалар үшін 1 АЕК, заңды тұлғалар үшін 5 АЕК, телнұсқасы үшін 0,5 АЕК;
  3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу». Қызмет тегін жүргізіледі.
  4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру».Қызмет ақылы: тракторшы-машинист куәлігі үшін 0,5 АЕК.

Аталған мемлекеттік қызметтерге өтінім қабылдау электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде жүргізіледі. Өтінімдер қызмет берушінің кеңсесі арқылы немесе «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет түріне байланысты, өтінім тіркелген сәттен бастап 1-10 жұмыс күні аралығында қаралып, нәтижесі шығарылады.