Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экология кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.

Кодекстің 68 бабының 5 тармағы 2 тармақшасына сәйкес, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары.

Осыған байланысты, Кодекстің 68 бабының 5 тармағы 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 қарашадағы №323 бұйрығына 2-қосымшаның 6 тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті  (әрі қарай – Департамент) «Карамай» ЖШС-нің белгіленіп отырған қызметі туралы 2024 жылғы 11 сәуірден бастап №KZ59RYS00593725 өтінішін (бұдан әрі – Өтініш) қарау үшін жолдайды.

Сонымен бірге, жоғарыда аталған өтінішке өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды Департаментке 2024 жылғы 03 мамырға дейін беруіңіз сұралады.

Сонымен қатар, Кодекстің 68 бабының талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет-ресурстарға орналастырады.

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш орналастырылған күнінен бастап, қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында қол жетімді болуға тиіс.

Интернет-ресурста орналастырылған белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке белгіленіп отырған қызмет түрі, ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау жүзеге асырылатын пошталық мекенжай және электрондық мекенжайлар, сондай-ақ ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау аяқталатын күні көрсетіле отырып, белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау туралы жұртшылық үшін ресми хабарлама қоса жүруге тиіс.

Көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары Департаменттің келесі пошталық және электрондық мекенжайлары арқылы жүзеге асырылады: 090000, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 59; zko-ecodep@ecogeo.gov.kz.

Сондай-ақ, Кодекстің 68 бабының 8 тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш ресми интернет-ресурстарда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 7-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген ресми хабарды "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде, сондай-ақ өзге де тәсілдермен таратуды қосымша ұйымдастырады.