2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өткеннен кейінгі қызметтердің көрсетілген саны
2023 жылғы 1 шілдеде АХАТ органдарының функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілген болатын. АХАТ функциялары берілгеннен кейін қызмет көрсету жүйесі, өтініштерді қабылдау және өңдеу тәртібі өзгермейді.
Болашақ жас жұбайлар бұрынғысынша АХАТ арқылы некеге тұруға өтініш бере алады. Одан бөлек, өтінімдерді электрондық үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады. Өтініш неке күніне 15 күн алдын берілуі керек екенін ескеру қажет. Сонымен қатар, жас жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдай алады.
Сонымен қатар Орал қалалық АХАТ бөлімінде қызмет алушыларға арналған «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылар өз өтініштерін тез әрі қолайлы бере алады. Бұрышта интернетке қосылған компьютер жабдығы, өтініштерді толтыру барысында қызмет алушыға көмек қолын созып, түсіндіретін арнайы маман бар. Сондай-ақ, аудандық ХҚКО бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторына және ашық әкімдікке жүгінуге болады.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқаруына өткеннен кейінгі халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтер санына тоқталсақ:
Қызмет түрі |
Барлығы |
ХҚКО |
eGov.kz |
Тікелей |
Бала тууды тіркеу |
64 |
1 |
62 |
1 |
Неке қию |
14 |
0 |
4 |
10 |
Түзету енгізу |
5 |
5 |
0 |
0 |
Қайтыс болу |
19 |
0 |
19 |
0 |
Неке бұзу |
2 |
0 |
2 |
0 |
Қалпына келтіру |
0 |
0 |
0 |
0 |
Акт жазбаларды жою |
0 |
0 |
0 |
0 |
Қайталама куәліктер, анықтама |
10 |
10 |
0 |
0 |
Сұраныстар Заңды тұлғалардан келіп түскен сұраныстар |
2 |
|
|
|