АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ  ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы» қағидаға сәйкес Казталов ауданы әкімдігі 2023 жылдың 29 наурызында сағат 10:00-де Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі №1 мекенжайы бойынша  жер учаскелерін беру туралы конкурс өткізеді.

 

№ п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № )

Нысаналы мақсаты

Жалпы аудаңы, га

Жалдау мерзімі

Алқаптардың құрамы,
оның ішінде

топырақтың сапалық сипаттамасы,

орташа балл бонитет 

Сумен қамтамасыз етілуі

Жайылым

Шабын-дық

Басқа алқаптар

1

1 лот

Бірік а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

373,0

10 жыл

370,0

 

3,0

Ашық қызыл қоңыр, 14

Қамтамасыз етілген

2

2 лот

Бірік а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

434,0

10 жыл

434,0

 

 

Ашық қызыл қоңыр, 14

Қамтамасыз етілмеген

3

3 лот

Бірік а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

100,0

10 жыл

50,0

50,0

 

Ашық қызыл қоңыр, 14

Қамтамасыз етілмеген

4

4 лот

Көктерек а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

280,0

10 жыл

280,0

 

 

Ашық қызыл қоңыр, 8

Қамтамасыз етілген

5

5  лот

Көктерек а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

335,0

10 жыл

334,0

 

1

Ашық қызыл қоңыр, 8

Қамтамасыз етілмеген

6

6 лот

Көктерек а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

350,0

10 жыл

247,0

100,0

3,0

Ашық қызыл қоңыр, 8

Қамтамасыз етілмеген

7

7 лот

Талдыапан а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

140,0

10 жыл

140,0

 

 

Ашық қызыл қоңыр, 9

Қамтамасыз етілмеген

                     

ЕСКЕРТПЕ

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2023 жылдың «2» наурызынан  бастап «28» наурыз аралығында, сағат 09.00 -ден бастап сағат 18:30 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Ескерту: Бұйрықтың 23-тармағына сәйкес осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінде, Казталов ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында (www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka?lang=kk), «Қызмет бағыты-Салалық құжаттар → Жер қатынастары → Хабарландырулар → Хабарламалар»  бөлімінде және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының(map.e-batys.kz) «Сауда-сатыққа шығарылған жерлер – Байқаулар» бөлімінде танысуға болады.