2022 жылдың алты айында батысқазақстандықтарға 42 833 жеке куәлік пен төлқұжат берілді

2022 жылдың алты айында батысқазақстандықтарға 42 833 жеке куәлік пен төлқұжат берілді

2022 жылдың алты айында батысқазақстандықтарға 42 833 жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚО-ға жүгіну қажет. ТӨЛҚҰЖАТТЫ бірінші рет аларда тек жеке куәлік қажет. Төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыруға болады. Ал мерзімі өткеннен кейін жаңасына өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмаған.

Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК немесе 24 504 теңге. Қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады. 

ҚР азаматтары ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ 16 жасқа толған кезде алады. Осы жасқа жеткен кезде құжатты бір ай ішінде рәсімдеу керек, әйтпесе 7 АЕК немесе 21 441 теңге айыппұл салынады. Сондай-ақ, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, дәл осы мөлшердегі айыппұл қарастырылған. Егер айыппұлды бір апта ішінде төлесеңіз, онда сомасы 50 пайызға төмендейді. Егер төлқұжатыңыз бар болса, жеке куәлікті рәсімдеу үшін оны да өзіңізбен бірге алып келу керек. Жеке куәлік үшін төленетін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 613 теңге болады. Айыппұл төлемеу үшін клиенттерден өз құжаттарын уақытылы жаңартып отыруды және ХҚО-ға барарда кезекті алдын ала брондауды сұраймыз.