ББО туралы қызықты деректер

ББО туралы қызықты деректер

1414 Бірыңғай байланыс орталығы биыл өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Осыған орай, Азаматтарға арналған үкіметтің ең ақпараттандырылған және білгенімен әрқашан бөлісуге дайын тұратын бөлімшесі туралы бірнеше қызықты деректер айтайық.

Байланыс орталығының операторлары күн сайын 75 мыңға дейін телефон қоңырауын қабылдайды. Мұнда клиенттер кез келген мемлекеттік қызмет бойынша кеңес алып қана қоймай, ХҚО қызметкерін үйге шақырып, тіпті вакцинация туралы өзекті ақпаратты біле алады.

Қызмет барысында күніне Қазақстанның түкпір-түкпірінен хабарласқан ондаған адамдармен сөйлесіп, олардың сұрақтарына жедел жауап беру керек. Сондықтан байланыс орталығының әрбір қызметкері өзіне жүктелген үлкен жауапкершілікті түсінеді.

2011 жылы 29 қарашада ҰАТ АҚ электрондық үкіметінің базасында құрылған орталықта алғашында 20 ғана оператор болды. 10 жылдан соң орталықтардың қатары көбейіп, еліміздің бес қаласында  (Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Қостанай, Көкшетау, Петропавл) 353 оператор жұмыс істей бастады.

Ал 2021 жылы 1 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қарамағына өтті.

1414 туралы тағы бірнеше қызықты деректерді біздің инфографикадан қараңыз.
Бірыңғай байланыс орталығының барлық қызметкерлерін алдағы мерейтоймен құттықтаймыз!