Автокөлікті цифрлық ХҚО-да қайта ресімдеуге болады

Автокөлікті цифрлық ХҚО-да қайта ресімдеуге болады

БҚО тұрғындары автокөлік құралдарын тек Орал қаласының мамандандырылған ХҚО бөлімінде ғана емес, Жамбыл көшесі, 81 мекенжайы бойынша орналасқан цифрлық ХҚО-да қайта ресімдей алады. Автомобильді қайта ресімдеу ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – оны күніне 270-ке жуық адам алады.

"Орал қаласының мамандандырылған бөліміне өтінім беру үшін қала тұрғындары ғана емес, жақын аудандар мен қалалардың тұрғындары да жүгінетінін ескере отырып, біз осы бөлімге түсетін жүктемені азайтуды шештік. Енді автокөлікті қайта ресімдеу үшін цифрлық ХҚО-ға жүгінуге болады. Мұнда біздің мамандар kaspi және homebank қосымшалары арқылы автокөлікті қайта ресімдеуге көмектеседі. Сондай- ақ, аталған ХҚО-да орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы да автокөлікті қайта ресімдеуге болады", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Мобильді қосымшаларды пайдалану қызмет алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Автокөлікті қайта ресімдегеннен кейін сатушыға техпаспорт пен мемлекеттік нөмірді тапсыру үшін мамандандырылған ХҚО-ға жүгінудің қажеті жоқ, оны сатып алушы жаңа құжаттарды алған кезде жасай алады.

Естеріңізге сала кетейік, автокөлікті қайта тіркеуді немесе қайталама жүргізуші куәлігін Egov.kz порталы арқылы онлайн режимде, мамандандырылған ХҚО-ға жүгінбей-ақ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі