Электрондық өтінішті қалай беруге болады?

Электрондық өтінішті қалай беруге болады?

Түрлі мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органға жүгіну қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі. Өтініш беруге барам деп жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ екенін еске салғымыз келеді, eGov сервисі арқылы онлайн электрондық өтініш беру жеткілікті.

Онлайн жіберілген электрондық өтініштің жазбаша өтініш сияқты заңды күші бар. Берілген өтінімнің мәртебесін жеке кабинет арқылы бақылау мүмкіндігі айрықша ерекшелік болып табылады.

Электрондық өтініш беру үшін eGov-та аттас сервисті таңдаңыз, ұсынылған нысанды толтырыңыз, оны тіркеңіз және ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз. Сіз өтінішті онлайн жіберіп көрдіңіз бе?