Қымбатты достар!

Қымбатты достар!

Бүгіннен бастап Мемлекеттік корпорация фронт-офистері міндетті брондаусыз, Ashyq жүйесі арқылы қабылдай бастады.

Осы себепті ХҚО-ларда адам қарасы көбейіп, жүктеме артты. Біздің мамандар барлық клиенттерге қызмет көрсетіп үлгеру үшін күшейтілген тәртіпте жылдам жұмыс істеуде.

Қызмет алушыларға айтар өтінішіміз – қауіпсіздік шараларын ұстанып, ара қашықтықты сақтап, дезинфекция құралдарын қолданыңыздар.

Егер мәселеңіз айтарлықтар маңызды және шұғыл болмаса, ХҚО-ға бүгін емес, басқа күні баруыңызды сұраймыз. Сондай-ақ кісі санын көбейтпес үшін өзіңізбен бірге артық адам әкелмеңіз.

Мүмкіндік болса, өз уақытыңыз бен қуатыңызды үнемдеу үшін Электрондық үкіметтің онлайн-сервистерін  қолдануға кеңес береміз.

Бұл жағдайға түсіністікпен қарайды деген үміттеміз.

Құрметпен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ұжымы.