Дайын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға баратын уақыт жоқ па? Онда біз оларды үйіңізге жеткізіп береміз!

Дайын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға баратын уақыт жоқ па? Онда біз оларды үйіңізге жеткізіп береміз!

Енді сіздің құжаттарыңыз дайын болғанда сізге құжаттарды қажетті мекенжайға жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады. Қала бойынша жеткізу құны-970 теңге.

Қазір сервиске 144 Мемлекеттік қызмет қосылған: жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жер актілері, апостиль қою, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар. Жақын арада жүргізуші куәлігін, жеке куәлік пен төлқұжатты жеткізу мүмкіндігі пайда болады.

Құжаттарды жеткізу қазірдің өзінде алматылықтар мен елорда тұрғындарына қолжетімді. Кейін сервисті еліміздің барлық өңірлерінде пайдалануға болады.