"Еңбек жолы" конкурсына қатысуға шақырамыз.

"Еңбек жолы"  конкурсына қатысуға шақырамыз.

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, өңірдің барлық кәсіпорындар жұмысшыларын «Еңбек жолы»  конкурсына қатысуға шақырады.

«Еңбек жолы»  конкурсын (бұдан әрі-Конкурс)  өткізу мақсаты:

1) Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтардың мирасқорлығын сақтау;

2) Еңбек адамдары туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

3) қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына елеулі еңбек үлестерін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық жұмысшылары қатыса алады.

 

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

Ескерту: конкурсқа барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.

Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының бір не одан көп ұрпақтарын (бір немесе екі жұбай балаларымен немесе немерелерімен бірге) таныстыратын, қазіргі уақытта қызмет атқаратын және берілген кәсіпорында 20 жылдан кем емес еңбек өтілі бар ұйымның жұмысшы тобы. Әулет басшысы болып бәрінен бұрын  еңбек жолын бастаған еңбек әулетінің өкілі есептеледі.

2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы» – жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Конкурсқа қатысу туралы ерікті нысандағы өтінім, номинацияны көрсете отырып;

2) Жеке куәлік көшірмесі;

3) Номинация тақырыбы бойынша видеоролик, 1-3 минуттан көп емес (қалауы бойынша жұмыс орны немесе дағдылары көрсетілген)

4) Конкурс қатысушысы туралы ( жұмыс, жанұя, хоббиі) компьютерлік презентация 1 минуттан аспайтын (Microsoft Power Point форматында);

5) Еңбек әулеті өкілінің немесе жұмысшының еңбек кітапшасының және жұмыс берушімен, куәландырылған, еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі / жұмыс орнынан анықтама;

Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан мінездеме хат.

Болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмесі).

Мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттар, мақтау қағаздары, алғыс хаттарының көшірмесі; Біліктілігін арттыру туралы сертификат.

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

 

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жаңақала ауданы, Халықтар  Достығы  көшесі, № 69 үй, байланыс телефоны 87114121930, 21931; эл. мекен жайы: jangala61@mail.ru.