«Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды

«Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды

Батыс Қазақстан облысындағы, Жаңақала ауданы әкімі аппараты Жаңақала ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Коммунал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды

Конкурс хабарландыруы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, №44 үйде өтеді, байланыс телефоны:  21-8-41, почталық индексі 090400, e-mail: akimjangala@bko.gov.kz

Лауазымның негізгі қызметі жылу энергиясын беру, бөлу және қамтамасыз ету, су шаруашылығы, кәріз жүйелерінің қызметтерін ұйымдастыру, кәсіпорын жұмысына басшылық жасау және т.б

1. Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік мүлік», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  туралы заңдарын және өзге де нормативтік – құқықтық актілерді білуі қажет.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн өтісімен аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.