Өнеркәсіптік өндірістегі техникалық қауіпсіздік ережелері

Өнеркәсіптік өндірістегі техникалық қауіпсіздік ережелері

Электрмен жұмыс істеген кезде, өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік шараларын сақтау, барлық өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылады.

Электрмен жұмыс жасау кезінде қызметкерлер қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек:Электр тоғымен жұмыс жасауға теориялық және практикалық білімі мен тәжірибесі бар, кұжаттық растама түрінде, білімі туралы дипломы бар адамдар жіберіледі.

Электр тоғымен жұмыс жасау үшін,  қауіпсіздік техникасы бойынша оқытылған және куәландырылған адамдарға рұқсат етіледі, ол тиісті куәлікпен және қауіпсіздік журналына аты-жөні, лауазымы және нұсқама жүргізілген күні көрсетілген жазба арқылы расталуы керек.Барлығы емтихан алушы қызметкердің жеке қолымен расталуы керек.

  Барлық қызметкерлер лауазымына қарамастан аттестаудан өтеді. Электр тоғымен тікелей байланысқа түспейтін бригадалардың бастықтары, өндіріс барысында қарамағындағы жұмысты орындайтындарға толық жауап береді. Жұмысты тек бірге жүргізуге  рұқсат етіледі.

Арнайы қорғаныс формасын кимей, жұмысқа кірісуге, қорғаныс сыныбына сәйкес келмейтін, өрт деңгейі жоғары және жарылыс қаупі бар жерлерде электр құралдарын қолдануға,ақаулы электр жабдықтарын пайдалануға, бөгде адамдар жұмыс кезінде қауіпті аймақта болуға тыйым салынады.

Жұмыс процесін бастамас бұрын, электр құрылғыларының, сымдардың, жалғастырғыш тетік және розеткалардың тұтастығы: жерге тұйықталу  кабілдерінің бар-жоғына, корпусқа  зақым келмеуіне тексеріледі. Жұмыс бос режимде тексеріледі. Осыдан кейін ғана қондырғыға қуат беріледі.

Жабдықтың саптамалары мен қосалқы бөлшектерін ауыстырған кезде,процесті бастамас бұрын,  барлық қондырғыда қуат болмау керек.

Электр тоғымен жұмыс істеу кезінде, қауіпсіздік шараларын сақтау, өндірістік салада да, әр адамның өміріндеде, жас ерекшелігіне қарамастан үлкен роль атқарады, өйткені оған денсаулық қана емес, өміріде байланысты.Сондықтан, электр жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуі  бойынша білімінің болуы және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету мүмкіндігі,  маңызды фактор болып табылады.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің хабарлауынша, соңғы 2020 жыл ішінде облыстың энергетикалық кәсіпорындарында 7 жазатайым оқиға болған.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау

комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша

аумақтық департаменті» ММ-нің бас маманы                               А.Б.Гусманова