Ескерсең – қорғаласың

Ескерсең – қорғаласың

Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алу

Жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу - жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену- жер заңнамасы саласындағы бұзушылықтар түрлерінің бірі. (ҚР Жер кодексінің 12-бабының 27-тармағы)

Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. (ҚР Жер кодексінің 43-бабының, 10-тармағы)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136-бабына сәйкес (жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу),   мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға,  шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

«Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, Жаңақала ауданы. Д.Нұрпейсова көш. №29  тел: 87114121892