Референдумға дайындық пысықталды

Референдумға дайындық пысықталды

Референдумға дайындық пысықталды

Бүгін аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев 15 наурызда өтетін референдумға дайындық барысын пысықтауға арналған жұмыс жиынын өткізді.

Жиынға аудандық полиция бөлімі, электр торабы, аудандық «Қазақтелеком» орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әр салаға нақты міндеттер айқындалды. Аудандық полиция бөлімі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, бюллетеньдерді жеткізу жұмыстарын ұйымдастыратын болды. Электр тораптары мекемесі дауыс беру учаскелерін тұрақты электр қуатымен қамтуды қолға алады. «Қазақтелеком» орталығы байланыс пен интернет желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектігі бар азаматтардың референдумға қатысуына қажетті жағдай жасап, қолжетімділікті ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізеді. Бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындарды ресми әрі нақты ақпаратпен дер кезінде қамтуға жауапты.

Сонымен қатар мәдениет үйі мен кітапхана өкілдері алдағы қызметтік жиналыстар мен оқуларды өткізу үшін тиісті орындарды әзірлеу мәселесін талқылады.

Жиын қорытындысында комиссия төрағасы Жанболат Бақтыгереев референдумды заң талаптарына сай, ашық әрі ұйымдасқан түрде өткізу – барша жауапты мекемелердің ортақ міндеті екенін атап өтті.