Аудан кірісін арттыру - ауданды абаттандыру

Аудан кірісін арттыру - ауданды абаттандыру
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен жиын өтті. Оған Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Медет Айдынғалиев, ауылдық округ әкімдері және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Жиында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов баяндама жасап, ауданның қаржылық жағдайына талдау жүргізді. Негізгі мәселе ауданның кіріс бөлігін ұлғайту бағытында болды. Биыл бюджетке бөлінетін трансферт көлемі азаятыны айтылып, алдағы уақытта жергілікті кірістерді көбейту қажеттігіне баса назар аударылды.
Сондай-ақ БҚО қаржы басқармасының бюджеттік кредиттер және кірістер бөлімінің басшысы Ғалым Жұбанышев сөз алып, аудан бойынша өткен жылдардағы түсімдерге талдау жасады. Ол кірістердің мониторингін ұсынып, оларды арттырудың нақты тетіктері жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі жауапты тұлғаларға кіріс көздерін көбейту бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.