Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мәселелер тыңдалды

Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мәселелер тыңдалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға жұмыс тобының мүшелері, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары және аудандық әкімдіктер мен Орал қаласы әкімі аппаратының басшылары онлайн форматта қатысты.  Жұмыс тобының отырыстары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, қолжетімділікті және ашықтығын арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.
Күн тәртібіне сәйкес, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мәселелер қаралды және Департаменттің облыс бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жұмысының 9 ай қорытындылары тыңдалды. Отырыста мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуы және оларды жою, ақпараттық жүйелерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, келесі отырысқа дейін олардың орындалуы қадағаланады.