8 қыркүйектегі Жолдау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси бағытына тың серпін берген маңызды құжат. Жолдау мазмұнына қарап, оның басты ерекшелігі – нақты нәтижеге бағытталғандығында. Президент халықтың әл-ауқатын арттыруды, әділетті қоғам құруды, экономиканы әртараптандыруды, сондай-ақ білім, денсаулық, аграрлық сала мен экологияны кешенді дамытуды айрықша атап өтті.
Негізгі бағыттарға тоқталсақ:
1. Экономика: Индустрияны дамыту, жаңа технологияларды енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау – тұрақты өсімнің басты факторлары ретінде көрсетілді.
2. Әлеуметтік сала: Жалақыны көтеру, денсаулық сақтау мен білім сапасын жетілдіру, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық берілді.
3. Саяси жаңғыру: Демократиялық институттарды нығайту, әділеттілік қағидатын орнықтыру, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыру мәселелері қамтылды.
4. Ауыл және агроөнеркәсіп: Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, фермерлерді қолдау, жерді тиімді пайдалану жолдары белгіленді.
5. Экология және «Таза Қазақстан»: Жасыл экономикаға көшу, су ресурстарын үнемдеу, табиғатты қорғау шаралары айтылды.
Бұл Жолдау – халық күткен өзекті мәселелерге жауап берді. Ол елдің тұрақты дамуына негіз болатын стратегиялық жоспарды айқындады. Әсіресе, әлеуметтік әділеттілік пен аймақтық теңгерімді дамуға басымдық беру – қоғам тарапынан оң қабылданды.