АХАТ туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

АХАТ туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:
1.Egov.kz порталына кіріңіз;
2.Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
3.Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
4.Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
5.Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
- Некеге тұру туралы куәліктің;
- Некені бұзу туралы куәліктің;
- Туу туралы куәліктің;
- Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
- Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
- Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

Қызмет  көрсету құны:
- Қайталама куәліктер үшін –  1 АЕК
- Анықтама үшін – 0,3 АЕК