1 тәсіл. «Электрондық үкімет» порталы арқылы mgov қосылу
Егер Сіз «Электрондық үкімет» порталында тіркелмеген жағдайда
- www.egov.kz сілтемесі бойынша «Электрондық үкімет» порталы сайтынан табыңыз.
- Қажетті деректерді толтырыңыз (ЖСН, пароль, пошта).
- ЭЦҚ таңдаңыз, ұялы телефон мен тексеру кодты көрсетіңіз, оны Сіз минут ішінде аласыз. Айтпақшы, пайдаланушылық келісіммен танысуды ұмытпаңыз.
- Пайдаланушылық келісіммен танысқаннан кейін «ЭЦҚ-мен тіркеу» батырмасын басыңыз.
- Бұдан әрі алаңдарды толтырыңыз:
- «Пароль енгізңіз» алаң.
- «Парольді қайта енгізіңіз» алаң.
- «e-mail енгізіңіз» алаң
- ЭЦҚ сертификатын таңдаңыз.
- «Ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз» алаңында телефон нөміріңізді енгізіңіз, бұдан әрі «Тексеру кодын алу» батырмасына басқаннан кейін кодты аласыз
- Тексеру кодын енгізіңіз.
- «Тіркеу» батырмасын басыңыз.
Егер Сіз порталда тіркелген болсаңыз, авторизациялау кезінде Сізден ұялы телефонды көрсетуіңізді сұрайды. «Нөмірді қосу» батырмасын басып, пайдаланушының кіші файлы ашылады, онда бастапқыда ЭЦҚ таңдауыңыз, одан кейін ұялы телефон нөмірі мен тексеру кодын көрсетуіңіз қажет, оны Сіз минут ішінде аласыз.
2 тәсіл. eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы пайдаланушыларды тіркеу
- Egov Mobile мобильді қосымшасының басты бетінде «Профиль» қосымша бетіне өтіңіз (төменгі оң жақ бұрышта), содан кейін «Виртуалды ассистент» қосымша бетіне өтіңіз. Беттің төменгі жағындағы «қоңыраулар» белгішесін басыңыз, содан кейін «бейнеқоңырауды» таңдаңыз. Камера мен микрофонға қол жеткізуге рұқсат беріңіз.
- Пайда болған терезеде пайдаланушының ЖСН-ін көрсетіп, дербес деректерді өңдеуге келісім беру керек, содан кейін қоңырауға өтіңіз.
- Оператор бейнеқоңырауды қабылдағаннан кейін жеке куәлікті көрсету, ұялы телефон нөмірін және бір реттік парольді айту қажет.
Виртуалды ассистенттің жұмыс кестесі: Дс–Жм сағат 09:00–ден 19:00–ге дейін, сенбі күні 09:00–ден 15:00–ге дейін, жексенбі – демалыс күні.