Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау
Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесінде жаңа тағайындау рәсімі өтті. Аудан әкімі Н.Қарағойшиннің бұйрығымен Ақылбек Семенов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
 
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева аудандық экономика және қаржы бөлімінің ұжымына жаңа басшы А.Семеновты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
 
Ақылбек Қайырболатұлы 1986 жылы 30 қазанда Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 2008 жылғы түлегі.
 
2008-2010 жылдары аралығында аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жетекші маман-есепші, 2010 жылы аудандық ветеринария бөлімінде жетекші маман-есепші, 2010-2011 жылдары Жаңақала ауданы әкімі аппаратының іс-қағаздар жүргізу қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінде бас маман, 2011-2014 жылдары аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 2014-2017 жылдары аудандық білім беру бөлімінде бас есепші, 2017-2019 жылдары аудандық қазынашылық басқармасында алдын ала бақылау және төлемдерді өткізу тобының бас маманы-бас қазынашысы болып қызмет атқарған. 2019 жылдан осы кезге дейін аудандық қазынашылық басқармасында қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маман-бас қазынашысы ретінде еңбек етті.
 
Отбасылы, жолдасы және 3 баласы бар.
 
"Жаңарған өңір" ақпарат