Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында:
Чапаев–Жаңақала–Сайқын бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолдың жағдайы қаралып, қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Бірлік ауылына апаратын кірме жолдың күрделі жөндеуімен танысты. Жоба осы айдың соңына дейін аяқталатын болады.
Жаңақала–Жаңақазан жолындағы жөндеу жұмыстары бақыланды.
Сонымен қатар, Мәстексай және Жаңажол ауылдық округтеріне кірме жол салу және Қазақ радиосын орнату мәселелеріде көтерілді.
Депутат ауыл тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдап, барлық мәселелерді жеке бақылауына алатынын айтты. Қажетті ұсыныстар тиісті министрліктерге жолданатын болады.