5 маусым күні аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күніне орай “Ел рәміздері - еркіндік нышаны” атты салтанатты шара оздырылды. Жаңақазан ауылының аумағында орналасқан 51809 Әскери бөлімінің сарбазы салтанатты түрде Ту мен Елтаңбаны кіргізгеннен кейін, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмарға сөз беріліп, құттықтау лебізін жолдады. Жиынға жиналған мемлекеттік рәміздерін тұмардай қасиет тұтқан халықтың қарасы қалың болды. Әрі қарай, аудан өнерпаздарының сазды бағдарлама ұсынып, көрермендер қошеметін аямады. “Ұлттың үні - рәміздер” атты поэтикалық компазиция көптің көңілінен шығып, кеш Махамбет Нұрахметовтың орындауындағы “Алаш айбары” әнімен өз мәресіне жетті.