2025 жылғы 8 маусымда Құрбан айт мерекесіне орай дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир өтті.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Қажиев Ерлан Еркінұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 30-ға жуық спортшы қатысты. Қатысушылар арасындағы бәсеке жоғары деңгейде өтті.
🏹 Қыздар арасындағы жеңімпаздар:
1️⃣ Әсемгүл Ғалымжанова – Орал қаласы
2️⃣ Мөлдір Жолдасова – Орал қаласы
3️⃣ Ақерке Сансызбаева – Жаңақала ауданы
🏹 Ерлер арасындағы жеңімпаздар:
1️⃣ Мұрат Ерасыл – Қаратөбе ауданы
2️⃣ Сырлыбай Ғалымжанов – Ақжайық ауданы
3️⃣ Тажыгалиев Нұрсұлтан – Ақсай қаласы
🤝 Сонымен қатар, турнир аясында арқан тарту сайысы ұйымдастырылып, оған төмендегі 4 команда қатысты:
•«Жаңақала аудандық мешіті» командасы
•«Садақшылар» командасы
•«Жаңақала» командасы
•«93 түлектер» командасы
Садақ ату — көшпенділер өркениетінен бастау алған, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық спорт түрі. Бүгінде бұл өнер халқымыздың салт-дәстүрінің жарқын көрінісі ретінде қайта жаңғырып, жастар арасында кеңінен насихатталуда.