ЖАҢА КІТАПХАНА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖАҢА КІТАПХАНА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Жаңақазан ауылдық және балалар кітапханасының «Жаңа дәуір: жаңа қоғам - заманауи кітапхана» ашылу салтанаты өтті.
Аталған кітапхана «Ауыл кітапханаларын модернизациялау» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қорының қаржылық қолдауымен «Тана» қоғамдық қоры модернизациялау жобасы бойынша қажетті заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен, жиҺаздармен жаңартылған.
Салтанатты жиында Жаңақала ауданы әкімі Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы, «Тана» қоғамдық қорының жоба-менеджері Сейітқалиева Динара Болатқызы, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, ел игілігіне беріліп отырған жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімін жасады.