Балалар мерекесі аталып өтті

Балалар мерекесі аталып өтті
Балалар мерекесі аталып өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Достық алаңында «Біз бақытты баламыз еркелеген» атты мерекелік концерт өтті.
Аталған шараға аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы қатысып, бүлдіршіндерді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Балабақша мен мектеп оқушылары ән салып, би билеп, күй орындап, өнерлерін көрсетті. Кәсіпкер демеушілеріміз қолдау білдіріп, балаларға балмұздақ пен сусындарды тегін таратты.
Асфальтқа сурет салу, ұлттық ойындар, велотуризм кедергелірі және багги көліктерін жүргізу ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.