Соңғы қоңырау – жаңа белестің бастауы

Соңғы қоңырау – жаңа белестің бастауы

2025 жылдың 24 мамыр күні Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. Биылғы шара «Мектебім, саған мың алғыс!» атауымен ұйымдастырылды.

Аталған білім ордасында биыл 47 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты.

Салтанатты жиынға Жаңақала ауданының әкімі А.Көшкінбаев арнайы қатысып, мектеп түлектерін құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді. Аудан басшысы жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына алғысын айтып, түлектерге болашақта сәттілік тіледі.

Шара барысында білім ордасының 10,20,30 және 40 жыл бұрынғы түлектері де арнайы шақырылып, өз естеліктерімен бөлісіп, жас буынға ақ жол тіледі. Бұл — мектеп пен түлек арасындағы рухани байланыстың, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.

Сондай-ақ дәстүрге сай жыл үздіктері – озат оқушылар мен белсенді шәкірттер, түрлі салада жетістікке жеткен ұстаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Соңғы қоңырау – жаңа белеске бастайтын қадам.