2025 жылғы 24 мамыр күні Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 20 жылдық түлектері туған жерге тағзым ретінде аудан орталығының оңтүстік бағытындағы кіреберіс жол бойына символикалық қақпа орнатты.
Аталған игі іс-шараға аудан әкімі А.Көшкінбаев арнайы қатысып, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдіріп, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Игі бастама – туған жерге деген құрметтің, перзенттік борыштың жарқын көрінісі болды. Қақпа ауылдың келбетіне көрік беріп, сырттан келушілерге Жаңақаланың рухын айшықтайтын ерекше нысан ретінде орнатылды.
Іс-шара барысында түлектер өз естеліктерімен бөлісіп, ауыл тұрғындары мен ардагерлер жылы лебіздерін білдірді.