“Киіз үй” жобасы – Туған жерге тағзымның жарқын үлгісі
Ауданымызда тағы бір игі іс жүзеге асты. 30 және 40 жылдық мектеп түлектерінің бастамасымен аудан орталығының кіре беріс қақпасына ерекше нысан – “Киіз үй жобасы” аллеясы тарту етілді.
Ұлттық болмысымыздың символы саналатын киіз үй бейнесіндегі бұл аллея – ата-баба мұрасына, ел бірлігіне және туған жерге деген шынайы құрметтің көрінісі. Игі бастаманың ашылу салтанатына аудан әкімі, ауылдың зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан басшысы туған жерге жанашырлық танытып, елді мекеннің көркеюіне үлес қосқан түлектерге ризашылығын білдірді. Бұл – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық азаматтық қадам.