Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Все материалы
19 августа 2026
Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

               Мемлекеттік қызметтер азаматтарға бұрынғыдан да қолжетімді бола түсуде. Қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ алуға болады. Осы мақсатта «Дербес менеджердің үйге баруы» сервисі жұмыс істейді. Оның аясында маман өтініш беруші көрсеткен мекенжайға барып, қажетті қызметтерді үйде көрсетеді. 2026 жылдың жеті айында бұл мүмкіндікті шамамен 1,5 мың қазақстандық пайдаланған.

               Салыстырмалы түрде қарасақ, 2025 жылы дербес менеджер қызметіне 2 мыңнан астам адам жүгінген. Өткен жылы аталған сервис Қызылорда облысында ең көп сұранысқа ие болып,  оны 540 адам пайдаланған. Алматыда - 477, ал Павлодар облысында 435 адам осы сервистің көмегіне жүгінген.

                  Ал биылғы жылдың жеті айындағы көрсеткіш бойынша көшбасшылар үштігі өзгерді. Дербес менеджердің үйге баруы бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді, онда бұл сервисті 296 рет пайдаланған. Екінші орында Атырау облысы - 277 рет, ал Қызылорда облысы - 259 рет аталған сервиске жүгінген.

                    Сервисті пайдалану үшін қашықтан өтініш беріп, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті. Алдын ала берілген өтініш бойынша фронт-офис маманы азаматтың үйіне барып, кеңес береді, қажетті құжаттарды қабылдайды және мемлекеттік қызметті сол жерде рәсімдеуге көмектеседі. Мұндай формат уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және қандай да бір себептермен ХҚКО-ға өз бетінше бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.

                     «Үйге баратын дербес менеджер» тарифінің құны - 7 447 теңге. Бұл сома мемлекеттік бажға жатпайды, яғни тек сервистің қызмет көрсету құны болып табылады.

                     Үйге баратын дербес менеджердің көмегімен мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болады. Алайда паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер бұл тізімге кірмейді. Себебі аталған қызметтерді алу үшін азаматтың жеке қатысуы керек және тиісті рәсімдерден өтуі қажет.

                     Маманның үйге келуіне өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтындағы «Азаматтарға көрсетілетін қызметтер»  «Дербес менеджердің үйге баруы» бөлімі арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, өтінішті 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да рәсімдеуге мүмкіндік бар. Өтініш беру кезінде қажетті ақпаратты толтырып, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті.

14 августа 2026
ЖСН бойынша дауыс беру учаскесін іздеу

https://www.gov.kz/sailau?lang=kk

https://sailau.gov.kz/kk

https://sailau2026.gov.kz/kk

23 июля 2026
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.
Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.
Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.
Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.
«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

09 июля 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мақсаты, көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу болып табылады.

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi - жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге халыққа бiрдей қол жетімді болуы. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «Электронды үкімет» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

Бүгінгі таңда, «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

1) Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына" сәйкес реттеледі.
2) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
3)  Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; 
4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою, "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті электронды  түрде  алу үшін  көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелуді қажет етеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты, қағидалары туралы ақпараттар мемлекеттік қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында ғимаратың қабатына орналастырылған.
Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қозғалысына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында пандус, көру қабілеті шектеулі азаматтардың қозғалыс жолында арнайы жолақтар, электрондық қоңырау (сигнал) қондырғылары орнатылған.

Сонымен қатар, азаматтарға электронды нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы ашылып жабдықталған. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында компьютер интернет желісіне қосылып, қажетті құрылғылармен (принтер, сканер) қамтамасыз етілген.

02 июля 2026
Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ
 

 

 

02 июля 2026
КҰРЫЛТАЙ 2026
26 июня 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: түрлері, маңызы және қолжетімділігі

Қазіргі қоғамда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер азаматтардың күнделікті өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Мемлекет халықтың әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін түрлі қызметтерді ұсынады. Бұл қызметтер азаматтардың құқықтарын қорғауға, тұрмыс сапасын жақсартуға және мемлекеттік органдармен өзара байланысты жеңілдетуге бағытталған. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – бұл мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың немесе басқа да уәкілетті ұйымдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асыратын қызметі. Бұл қызметтер белгілі бір құжаттарды рәсімдеу, рұқсат алу, тіркеу, анықтамалар беру немесе әлеуметтік көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады.
 
Мемлекеттік қызметтердің негізгі түрлері
 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бірнеше бағытқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік қызметтер
Бұл қызметтер халықтың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталған. Оларға мыналар жатады:
зейнетақы тағайындау;
әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеу;
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
мүгедектігі бар азаматтарға арналған қызметтер;
бала тууға байланысты төлемдерді рәсімдеу.
 
2. Азаматтық және көші-қон саласындағы қызметтер
Бұл қызметтер азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуге және тіркеуге байланысты:
жеке куәлік немесе паспорт алу;
тұрғылықты жері бойынша тіркелу;
көші-қон құжаттарын рәсімдеу;
шетелге шығу құжаттарын алу.
 
3. Білім беру саласындағы қызметтер
Бұл қызметтер білім алуға байланысты рәсімдерді қамтиды:
баланы балабақшаға кезекке қою;
мектепке қабылдау;
жоғары оқу орындарына құжат тапсыру;
білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу.
 
4. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер
Бұл бағытта азаматтардың медициналық қызмет алуына қатысты рәсімдер жүзеге асырылады:
медициналық ұйымға тіркелу;
медициналық анықтамалар алу;
мүгедектік рәсімдеу;
медициналық тексерулерге жолдама алу.
 
5. Жер және тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметтер
Бұл қызметтер жер және тұрғын үй мәселелеріне қатысты:
жер телімін алу немесе жалға рәсімдеу;
тұрғын үйге кезекке тұру;
жылжымайтын мүлікті тіркеу;
тұрғын үйге қатысты анықтамалар алу.
 
6. Кәсіпкерлік және лицензиялық қызметтер
Бұл қызметтер кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар мен ұйымдарға арналған:
кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу;
лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу;
бизнеске байланысты анықтамалар мен тіркеулер.
 
Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері
 
Қазіргі уақытта азаматтар мемлекеттік қызметтерді бірнеше тәсіл арқылы ала алады:
Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы;
электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде;
мемлекеттік органдардың ресми сайттары арқылы;
мобильді қосымшалар арқылы.
 
Электрондық форматтағы қызметтер азаматтарға уақытты үнемдеуге және кезек күтпеуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.
 
Мемлекеттік қызметтердің маңызы
 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің негізгі мақсаты – халыққа сапалы және қолжетімді қызмет көрсету. Бұл қызметтер азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруға, әлеуметтік қолдау алуға және түрлі мәселелерін заңды түрде шешуге мүмкіндік береді.
 
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің тиімді ұйымдастырылуы мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады. Қызметтердің ашық әрі жылдам көрсетілуі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады.
 
Қорыта айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды құрал. Қызметтердің сапасын арттыру, цифрландыру және қолжетімділікті кеңейту мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Болашақта мемлекеттік қызметтер одан әрі жетілдіріліп, азаматтарға барынша ыңғайлы әрі тиімді түрде ұсыныла бермек.

 

26 мая 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы                     № 518 бұйрығына сәйкес Қаратөбе ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын,  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша 2025 жылғы 9 шілде күні  сағат 1000 да  конкурс өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев  көшесі, 24 мекен-жайы бойынша  «Қаратөбе орталықтандырған кітапхана жүйесі» ММ ғимараты.

 

Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

 

лот№

Жер учаскесінің орналасқан жері 

 Нысаналы мақсаты

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы аудаңы, га 

Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

Өзге   де

Егістік

Жайылымдық

Шабын-дық

Басқа  жерлер

 

 

 

1

Егіндікөл  а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

600 га

10 жыл

 

373

225

2

16

қамтылмаған

-

2

Егіндікөл  а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

730 га

10 жыл

 

727

 

3

16

қамтылмаған

 

3

Егіндікөл  а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

750 га

10 жыл

 

745

 

5

16

қамтылмаған

 

4

Егіндікөл  а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

750 га

10 жыл

 

740

 

10

16

қамтылған

 

5

Егіндікөл  а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

2030 га

10 жыл

 

1768

254

8

16

қамтылған

 

6

Саралжын а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

500 га

10 жыл

 

470

28

2

8

қамтылмаған

 

7

Саралжын а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

650 га

10 жыл

 

647

 

3

8

қамтылмаған

 

8

Саралжын а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

1110 га

10 жыл

 

1039

65

6

8

қамтылған

 

9

Саралжын а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

    600 га

10 жыл

 

599

 

1

8

қамтылмаған

 

10

Қаракөл а/о

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Аквашаруашылығы

100 га,

10 жыл

 

97

 

3

17

қамтылған

 

 

Барлығы:

 

 

7820 га

 

 

7205

572

43

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕСКЕРТПЕ

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң 2025 жылдың 18 маусым мен 8 шілде аралығында,сағат 09.00 -дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның

тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралымәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерініңмөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларынемесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралымәліметтер:

Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басынкуәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендірунөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

2)Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

3)конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

4) конкурстық ұсыныс;

5) Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуүшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстыңжеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығыөндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жерпайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үшжұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру

алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатынагротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауылшаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарыныңсаны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығыинфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда,Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануынасәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандырубойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды,фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуғатиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтінсиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар(немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – біріншібасшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы__________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жерқатынастары бөлімінде, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында, «Жер қатынастары» бөлімінде және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының «Сауда-сатыққа шығарылған жерлер – байқаулар» бөлімінде танысуға болады.

Толық ақпаратты «Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(71145)31-4-24,                  алуға болады.

 

 

 

 

 

26 мая 2026
Конкурсты өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы   20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімдігі 2026 жылғы 22 маусым күні сағат 10:00-де ҚР, БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі 93 мекенжайы бойынша Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ғимаратының акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Жер көлемі,

гектар

Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы

топырақтың сапалық сипаттамасы: қою-қоңыр, бонитет балы

1

2

3

4

5

6

1.

Ащысай ауылдық округі

405,0

10

Егістік

бонитет балы 36

2.

Ащысай ауылдық округі

352,0

10

348,6 гектар жайылым,

3,4 гектар басқа жерлер

бонитет балы 24

3.

Ащысай ауылдық округі

200,0

10

191,3 гектар жайылым,

8,7 гектар басқа жерлер

бонитет балы 24

4.

Ащысай ауылдық округі

239,0

10

237,7 гектар жайылым,

1,3 гектар басқа жерлер

бонитет балы 24

5.

Ащысай ауылдық округі

228,0

10

223,2 гектар жайылым,

4,8 гектар басқа жерлер

бонитет балы 24

6.

Ащысай ауылдық округі

337,0

10

335,6 гектар жайылым,

1,4 гектар басқа жерлер

бонитет балы 24

 

Барлығы:

1761,0

 

   

                Жоғарыдағы барлық учаскелер сумен қамтамасыз етілмеген.

                Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы: мал шаруашылығын және егін шаруашылығы.

                Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң 2026 жылдың 29 мамыр мен 18 маусым аралығында, сағат 09.00 –дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

 Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның

 тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер:

Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

2) Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

3) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

4) конкурстық ұсыныс;

5) Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш

жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру

алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінде, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында (chingirlau-bko.gov.kz)  «Жер қатынастары» бөлімінде және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының «Сауда-сатыққа шығарылған жерлер – байқаулар» бөлімінде танысуға болады.

 

 

 

 

18 мая 2026
Хабарландыру
Социальные сети
Instagram Акимата Жангалинского района
Facebook Акимата Жангалинского района
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты