Меню
Страницы

«Мерейлі отбасы - 2025» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне қатысуға өтінім қабылдау басталды!

«Мерейлі отбасы - 2025» ұлттық конкурсының  аудандық кезеңіне қатысуға өтінім қабылдау басталды!

Құрметті аудан тұрғындары!
***
2025 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының І кезеңі өткізілетінін хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты - отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Байқау үш кезеңде: бірінші – аудандық, екінші – өңірлік (облыстық), үшінші – ұлттық кезеңдерде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесі құжаттармен бірге аудандық комиссияға беріледі:
1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін-жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4. ата–анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі-бар болса;
5. балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6. балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7. ұсыныстар (әріптестер, көршілер, достар);
8. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2025 жылғы 15 мамырдан - 1 шілдеге дейін өздеріңіз орналасқан ауылдық округтің әкімдігіне өтінім береді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі (тел: 22-4-00)
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ережесімен төмендегі сілтемеге өтіп танысуға болады https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181 

Социальные медиа
Instagram Акимата Жангалинского района
Facebook Акимата Жангалинского района
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты