Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2021 жылғы 05 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Жаңақала ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Уразалиев Руслан Қанатұлы - 1984 жылы туған. № 3 Жалпы орта білім беретін мектебінің көркемдік жетекшісі. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.
- Қапанов Ахан Болатұлы - 1985 жылы туған. Жаңақала аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша С.Меңдешев ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Ахметов Абзал Ғайноллаұлы - 1971 жылы туған. Жаңақала ауылдық округінің әкімі. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының тұрғыны. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.
- Ғаббас Дәурен Ғабдолұлы - 1992 жылы туған. «Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-інің бас маманы. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.
- Каменов Қамбар Сүлейменұлы - 1990 жылы туған. «Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-інің заңгері. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының тұрғыны. «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған. «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.