Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы Жаңақала аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 14-баптың 9-тармағы, 44-баптың 4-тармағы, 2-тармақшасы, 46-баптың 3-тармағына сай, 12 округтік сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына сайланды:
№1 Бірлік сайлау округі бойынша тізімдегі 1037 сайлаушының 1019-ы дауыс беруге қатысты.
Ешимов Қанат Мұхтарұлын жақтап 673 сайлаушы, Мағзомов Асхат Тұрарбекұлын жақтап 218 сайлаушы, Мусин Ермек Әкімайұлын жақтап 124 сайлаушы дауыс берді.
Ешимов Қанат Мұхтарұлы 1966 жылы туған, «Бірлік мал зауыты» ЖШС-нің директоры. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№2 Жаңажол сайлау округі бойынша тізімдегі 1039 сайлаушының 1033-і дауыс беруге қатысты.
Сұлтанова Сауле Сабитқызын жақтап 729 сайлаушы, Танатова Толқын Жақсылыққызын жақтап 133 сайлаушы, Файзуллин Айдарбек Нұрланұлын жақтап 156 сайлаушы дауыс берді.
Сұлтанова Сауле Сабитқызы 1964 жылы туған, Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№3 Жаңақазан сайлау округі бойынша тізімдегі 1252 сайлаушының 1239-і дауыс беруге қатысты,.
Сисекешова Эльвира Серікқызын жақтап 555 сайлаушы, Айтқалиев Ерболат Маратұлын жақтап 228 сайлаушы, Берденов Мейрам Жұмағазыұлын жақтап 244 сайлаушы дауыс берді.
Сисекешова Эльвира Серікқызы 1969 жылы туған, «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№4 Жуалыой-Мұқыр сайлау округі бойынша тізімдегі 1220 сайлаушының 1220-сы дауыс беруге қатысты.
Альмуханов Энгельс Қуанышұлын жақтап 764 сайлаушы, Мұқанғалиев Жұмалы Қуанышқалиұлын жақтап 215 сайлаушы, Нұғыманов Мирас Мақұлұлын жақтап 194 сайлаушы дауыс берді.
Альмуханов Энгельс Қуанышұлы 1968 жылы туған, электромонтер. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№5 Көпжасар сайлау округі бойынша тізімдегі 1198 сайлаушының 1185-сі дауыс беруге қатысты.
Сисенғали Закария Жүсіпқалиұлын жақтап 922 сайлаушы, Иманғалиев Медет Қанатұлын жақтап 121 сайлаушы, Мұқанғали Қаршыға Қадралиұлын жақтап 128 дауыс берді.
Сисенғали Закария Жүсіпқалиұлы 1957 жылы туған, аудандық мәслихаттың 5 шақырылымының хатшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№6 Қисыққамыс сайлау округі бойынша тізімдегі 1300 сайлаушының 1185-і дауыс беруге қатысты.
Акимгалиева Фарида Файзрахманқызын жақтап 1064 сайлаушы, Имашева Маншук Халенқызын жақтап 93 сайлаушы, Томанова Индира Басирқызын жақтап 117 сайлаушы дауыс берді.
Акимгалиева Фарида Файзрахманқызы 1967 жылы туған, «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№7 Гагарин сайлау округі бойынша тізімдегі 1250 сайлаушының 1237-сі дауыс беруге қатысты.
Жардемалиев Серік Жүсіпбекұлын жақтап 790 сайлаушы, Абуова Рыс Салекенқызын жақтап 159 сайлаушы, Уразалиев Асылан Қанатұлын жақтап 284 сайлаушы дауыс берді.
Жардемалиев Серік Жүсіпбекұлы 1961 жылы туған, Жаңақала колледжінің директоры. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№8 Қызылоба сайлау округі бойынша тізімдегі 1166 сайлаушының 1155-і дауыс беруге қатысты.
Жағыпаров Бекболат Хафизұлын жақтап 947 сайлаушы, Нұғманова Нұрайна Қадырғалиқызын жақтап 74 сайлаушы, Ромашев Ақболат Айдынұлын жақтап 131 сайлаушы дауыс берді.
Жағыпаров Бекболат Хафизұлы 1968 жылы туған, «Хафиз» ШҚ-ның басшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№9 Мәстексай сайлау округі бойынша тізімдегі 1025 сайлаушының 1007-сі дауыс беруге қатысты.
Ибрашев Ерболат Жасқаламұлын жақтап 857 сайлаушы, Бисенғалиев Талғат Мұхатайұлын жақтап 80 сайлаушы, Төлегенов Тілекжан Жанболатұлын жақтап 70 сайлаушы дауыс берді.
Ибрашев Ерболат Жасқаламұлы 1968 жылы туған, «Ибрашев Е.Ж» ШҚ-ның басшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№10 Меңдешев сайлау округі бойынша тізімдегі 1114 сайлаушының 1106-сі дауыс беруге қатысты.
Текебаев Эдге Ғабдығалиұлын жақтап 859 сайлаушы, Мусин Санжар Сатқалиұлын жақтап 132 сайлаушы, Сүлейменов Альбек Азаматұлын жақтап 109 сайлаушы дауыс берді.
Текебаев Эдге Ғабдығалиұлы 1966 жылы туған, «Ғабды-Ғали» ШҚ-ның басшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№11 Пятимар сайлау округі бойынша тізімдегі 1183 сайлаушының 1175-і дауыс беруге қатысты.
Хайрелов Жақсылық Нұрманұлын жақтап 929 сайлаушы, Жулкашева Дария Қайырғалиқызын жақтап 133 сайлаушы, Рамазанова Ләззат Маратқызын жақтап 113 сайлаушы дауыс берді.
Хайрелов Жақсылық Нұрманұлы 1991 жылы туған, Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурсының басшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№12 Жаңақала сайлау округі бойынша тізімдегі 1320 сайлаушының 1312-і дауыс беруге қатысты.
Саматов Рухолла Аманғалиұлын жақтап 1074 сайлаушы, Бигалиев Бауыржан Қанатұлын жақтап 118 сайлаушы, Кадин Ербол Тілекқабылұлын жақтап 120 сайлаушы дауыс берді.
Саматов Рухолла Аманғалиұлы 1958 жылы туған, «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы