Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 44-бабы, 4-бөлімінің, 2-тармағын, 5-тарауын басшылыққа ала отырып, Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2007 жылғы 18 тамыздағы аудандық мәслихатқа депутаттарды сайлау қорытындысын жариялайды.
№1 Бірлік сайлау округі бойынша тізімдегі 1004 сайлаушының 986-сы дауыс беруге қатысты, 10 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Габдуллин Дархан Асылбекұлын жақтап 100 сайлаушы, Құрмаш Марат Боранбайұлын жақтап 876 сайлаушы дауыс берді.
Құрмаш Марат Боранбайұлы 1970 жылы туған, «Бірлік» АҚ-да жұмысшы. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Бірлік ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№2 Жаңажол сайлау округі бойынша тізімдегі 1108 сайлаушының 1091-і дауыс беруге қатысты, 39 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Есекенов Жайсанды жақтап 208 сайлаушы, Хайрбеков Серікқалиды жақтап 844 сайлаушы дауыс берді.
Хайрбеков Серікқали 1949 жылы туған, «Айдархан» ЖШС-ның директоры. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Жаңажол ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№3 Жаңақазан сайлау округі бойынша тізімдегі 1156 сайлаушының 1141-і дауыс беруге қатысты, 23 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Садыр Қаныш Жасқайратұлын жақтап 249 сайлаушы, Губашев Садуақас Болатұлын жақтап 869 сайлаушы дауыс берді.
Губашев Садуақас Болатұлы 1967 жылы туған, М.Жүнісов атындағы мектептің директоры. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Жаңақазан ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№4 Жуалыой-Мұқыр сайлау округі бойынша тізімдегі 1011 сайлаушының 920-сы дауыс беруге қатысты, 28 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Сапаров Ахболат Сырымұлын жақтап 725 сайлаушы, Ешкаев Гафур Кәрімұлын жақтап 167 сайлаушы дауыс берді.
Сапаров Ахболат Сырымұлы 1959 жылы туған, «Жермай» ЖШС-ның директоры. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Жаңақала ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№5 Көпжасар сайлау округі бойынша тізімдегі 1145 сайлаушының 1132-сі дауыс беруге қатысты, 6 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Суйнов Жамбыл Қожантайұлын жақтап 239 сайлаушы, Сүндетқалиев Серік Қаресұлын жақтап 887 сайлаушы дауыс берді.
Сүндетқалиев Серік Қаресұлы 1947 жылы туған, «Жаңаталап» ЖШС-ның директоры. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Көпжасар ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№6 Қисыққамыс сайлау округі бойынша тізімдегі 1149 сайлаушының 923-і дауыс беруге қатысты, 40 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Есмағұлов Алпамыс Баритұлын жақтап 692 сайлаушы, Таулин Батыр Болатұлын жақтап 191 сайлаушы дауыс берді.
Есмағұлов Алпамыс Баритұлы 1957 жылы туған, Жаңақала орта мектебінің директоры. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Жаңақала ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№7 Гагарин сайлау округі бойынша тізімдегі 1021 сайлаушының 937-сі дауыс беруге қатысты, 26 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Мұханғалиева Данагүл Қуанқызын жақтап 154 сайлаушы, Шүкірғалиева Айзада Бекетқызын жақтап 757 сайлаушы дауыс берді.
Шүкірғалиева Айзада Бекетқызы 1976 жылы туған, Жаңақала аудандық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымы. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Жаңақала ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№8 Қызылоба сайлау округі бойынша тізімдегі 1080 сайлаушының 1033-сі дауыс беруге қатысты, 21 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Бекмашев Наурыз Негметұлын жақтап 817 сайлаушы, Ғұмаров Төлеген Базарұлын жақтап 195 сайлаушы дауыс берді.
Бекмашев Наурыз Негметұлы 1957 жылы туған, «Көшім» ЖШС-ның директоры. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Қызылоба ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№9 Мәстексай сайлау округі бойынша тізімдегі 1049 сайлаушының 1017-сі дауыс беруге қатысты, 16 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Мухамбетжанова Сауле Төлегенқызын жақтап 745 сайлаушы, Негаев Айбар Хайдарұлын жақтап 256 сайлаушы дауыс берді.
Мухамбетжанова Сауле Төлегенқызы 1961 жылы туған, Мәстексай ауылының №2 «Алтын сақа» балабақшасының меңгерушісі. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Мәстексай ауылының тұрғыны. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№10 Меңдешев сайлау округі бойынша тізімдегі 1123 сайлаушының 1070-сі дауыс беруге қатысты, 59 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Абуғали Шаһидолла Ишанғалиұлын жақтап 833 сайлаушы, Жақсымбетов Жасұлан Мұстажапұлын жақтап 178 сайлаушы дауыс берді.
Абуғали Шаһидолла Ишанғалиұлы 1955 жылы туған, аудандық электр торабының бастығы. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Жаңақала ауылында тұрады. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№11 Пятимар сайлау округі бойынша тізімдегі 1044 сайлаушының 994-і дауыс беруге қатысты, 8 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Изтлеуов Руслан Хайрелұлын жақтап 217 сайлаушы, Саматов Рухолла Аманғалиұлын жақтап 769 сайлаушы дауыс берді.
Саматов Рухолла Аманғалиұлы 1958 жылы туған, Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Жаңақала ауылында тұрады. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
№12 Жаңақала сайлау округі бойынша тізімдегі 1123 сайлаушының 908-і дауыс беруге қатысты, 15 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Ихсан Нұралы Сапарғалиұлын жақтап 285 сайлаушы, Меңдіхан Ермек Мақсотұлын жақтап 608 сайлаушы дауыс берді.
Меңдіхан Ермек Мақсотұлы 1956 жылы туған, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Жаңақала ауылында тұрады. 2007 жылы 18 тамызда Жаңақала аудандық мәслихатына депутат болып сайланды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы З.Сисенғали
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы А.Жұмағазиев