Жиналысқа бірдейлендіру, ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ф.Р.Шигапов және мамандары, «Куспанов С» ЖК С.Куспанов, «Батыс Адал-Ет» ЖШС С.Джаксыгулов, Р.Камалов, «Женіс» ЖК Т.Еркештаев, «Шыңғырлау Агро» АШӨК Н.Бекманов, «Марат» ЖК М.Куспанов, «Кублей» ЖШСТ.Берекешов, мал сою кәсіпорындары басшылары, аудандық ветеринариялық станцияларының директорлары қатысты. Жиын барысында басқарманың бөлім басшысы Ф.Р.Шигапов баяндама жасап, мал сою кәсіпорындары басшыларының түсіндірмелері тыңдалып қаперге алынды. Басқармаға мал сою кәсіпорындарына бруцеллез ауруына шалдыққан ауру жануарларды санитарлық сою жүргізуді үйлестіруді жүзеге асыру, Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станциялары директорларынасою ұйымдарының басшыларымен келісіле отырып белгіленген графикке сай тасымалдауды қамтамасыз ету, мал сою кәсіпорындарының басшыларынаграфик бойынша санитарлық мал бастарының сойылуын қамтамасыз ету жұмыстары тапсырылды. Сонымен қатар, ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау бағытындағы атқарылатын жұмыстар талқыланды.