Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдамалық анықтама

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  талдамалық анықтама

Ветеринария саласы бойынша көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқармамен және басқармаға бағынысты Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станциялармен мемлекеттік  қызметтің 5 түрі көрсетіледі:

  1. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру.
  2. Ветеринариялық анықтама беру.
  3. Ветеринариялық паспорт беру.
  4. Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру.
  5. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

Бұл аталған қызметтер – электрондық және көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 2024 жыл қорытындысы бойынша 6 ішкі бақылау жұмысы жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жасырын мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болған жоқ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының фактілері тіркелмеді.