Су тасу қаупі бар жерлерден 5 мыңға жуық мал қауіпсіз орынға шығарылған

Су тасу қаупі бар жерлерден 5 мыңға жуық мал қауіпсіз орынға шығарылған

Облыс аумағында су басқан және басу қаупі бар елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларының өлімінің алдын алу мақсатында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны орын алғаннан бастап күні бүгінге дейін 4 907 бас ауыл шаруашылығы жануарлары, соның ішінде 2 351 бас мүйізді ірі қара (Ақжайық -300, Теректі – 503, Сырым – 447, Бөрлі – 744, Бәйтерек – 130, Орал қ. – 227), 2 502 бас ұсақ мал (Теректі – 534, Сырым – 731, Бөрлі – 955, Бәйтерек – 130, Орал қ. – 152), 53 бас жылқы (Бөрлі – 31, Теректі – 2, Орал қ. – 20) және 1 бас түйе  (Орал қ.) алдын ала бекітілген қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Қазіргі уақытта қауіпсіз аумақта Бөрлі ауданының Жарсуат, Қанай және Бумакөл ауылдық округінің 170 бас мүйізді ірі қара малы мен 250 бас ұсақ малдары  жайылымдық жерлерде және 80 бас мүйізді ірі қара «Бума» ЖШС ұсталуда.

Орал қаласы бойынша 1, 2, 3-саяжай, Курени, Коминтерн, Бортау ауданынан көшірілген ауыл шаруашылығы жануарлары «Шамшырақ» АӨК-нің аумағында 95 бас мүйізді ірі қара, 47 бас ұсақ мал және 9 бас жылқы ұсталуда.

Арнайы орындарда ұсталып жатырған ауыл жануарларына уақтылы жем-шөбі, суы берілуде.

Сонымен қатар, жергілікті жердегі ветеринар мамандармен жоспарлы ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.