Ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселерін жою жұмыстары жүргізілуде

Ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселерін жою жұмыстары жүргізілуде

Су тасқыны орын алған облысымыздың бірқатар елді мекендерінде аудан әкімдіктері жанынан құрылған комиссия ұсынған ақпаратқа сәйкес 236 бас мүйізді ірі қара, 1 677 бас ұсақ мал, 51 бас жылқы, 7 бас шошқа, 81 үй құстарының өлгені расталды.

Қазіргі уақытта елді мекендер аумағында жануар өлекселерін жинау және жою жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға ветеринариялық инспекция, ветеринариялық станция және Республикалық эпизоотияға қарсы отряд (РЭҚО) қызметкерлері жұмылдырылды.

Жануар өлекселерін жою биологиялық қалдықтарды жою қағидаларына сәйкес жер траншеяларында (шұңқырларда) өртеу жолымен жүргізілуде.

Күні бүгінге 230 бас мүйізді ірі қара , 1 677 бас ұсақ мал, 51 бас жылқы, 7 бас шошқа, 81 үй құстарының өлекселері жойылды. 

Өлекселер жатқан аулалар мен қора-жай орындары ветеринарлық станция және РЭҚО қызметкерлерімен «Глюзамин» дезинфекциялық құралымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.