Ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аумаққа көшірілді

Ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аумаққа көшірілді

Бүгін су басу қаупі бар Бәйтерек ауданының Мичурино және Бөрлі ауданының Қарашығанақ, Димитров, Бумакөл, Облавка ауылдарынан мал өлімінің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілді.

Аталған елді мекендерден барлығы 242 бас мүйізді ірі қара мен 130 бас ұсақ мал (Мичурино 56 бас МІҚ, 130 бас ҰМҚ; Қарашығанақ 70 бас МІҚ, Димитров 30 бас МІҚ; Бумакөл 80 бас МІҚ, Облавка 6 бас) алдын ала бекітілген қауіпсіз жерге айдалды. Мал шығыны тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытқа ауыл  тұрғындардың ауыл шаруашылығы жануарларына уақытылы жем-шөбі, суы беріліп, ветеринар мамандардың бақылауында.