Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары

Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары

Аусыл – барлық аймақтарға таралу қаупі бар  ашатұяқты жануарлардың ең қауіпті жұқпалы ауруларының бірі болып табылады.  Аусыл ауруының таралу механизмін білу -  індетті зерттеудің кілті болып табылады және індет ошағынан одан әрі аурудың алдын алу мен  таралуының ықтималдылығын жоюға мүмкіндік береді.

Ауыз қуысының, ауыз қуысының шырышты қабатында ақ көбіктің (афталар) болуы, мұрын қуысы мен желінінде, тұяқтарының ортасында эрозиялардың болуы – аусылдың клиникалық белгілері болып табылады. Ауруды жұқтырған жануарларда келесі белгілер байқалады: сілекейдің ағуы, дене температурасының жоғарылауы, аяғын баса алмай ақсаңдауы, тәбетінің төмендеуі.  Аусылдың миотропты түрінде ауыз қуысында ақ көбіктер түзілмейді, әлсізденіп температурасы жоғарылап, жануардың өлуі 1-2 тәулік ішінде миокардит себебінен болады.

Ірі қара малдарында вирус қоздырғыштары - 6 айға дейін, ал қой мен ешкіде 12 айға дейін созылады.

Аусыл вирусының жеті серотипі бар: O, A, C, Asia 1, SAT 1, SAT 2 және SAT 3. Бұл серотиптерге - ірі қара малы, буйвол, қой, шошқа, ешкі, африкалық буйвол, бұғы және басқа да ашатұяқты жануарлар бейім болып келеді.

Ауруды жұқтырудың негізгі екі жолы болуы мүмкін: алиментарлы жолмен және ауа арқылы, сонымен қатар ашық жаралар арқылы, ластанған құралдар немесе жасанды ұрықтандыру кезінде жұғуы мүмкін. Ауырып жазылған жануарлардың 50% -ы тұрақты «тасымалдаушылар» болып саналады.  Вирустың негізгі қауіпті факторлары - аусыл ауруына қарсы вакцинацияның статусы анықталмаған, вакцинация жүргізілмеген жаңа жануарды табынға енгізу болып табылады.  Инфекцияның таралу себебі көбінесе малдың бақылаусыз немесе заңсыз орын ауыстырылуынан болады.  Аусыл ауруының негізгі қаупі – үй малынан, көліктен, аусылға бейім малмен тікелей жұмыс істейтін адамдардан және жабайы жануарлардан болады.

Ауру малды дер кезінде анықтау, сынамаларды зерттеу, қоздырғышты анықтау, оқшауланған изоляттарды зерттеу, жаңа штаммдары бар вакциналарды шұғыл өндіру және оларды қолайсыз аймақтарда жедел қолдану – осының барлығы аусыл ошақтарын жоюға мүмкіндік береді және инфекцияның кең таралуының алды алады.

 

Эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар

бөлімінің бас маманы Е.Ю. Бекжанова