Үй жануарларының иелеріне үй жануарларын қарау және оларды ұстау кезінде міндеттелген негізгі талаптар

Үй жануарларының иелеріне  үй жануарларын қарау және оларды ұстау кезінде  міндеттелген негізгі талаптар

БҚО ветеринария басқармасы ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес үй жануарларының иелеріне немесе оларға жауапты тұлғаларға үй жануарларын қарау және оларды ұстау кезінде міндеттелген талаптарды назарларыңызға салады:
- ветеринариялық және гигиеналық талаптарды сақтау;
- өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзбай үй жануарларыңызға жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз ету;
- үй жануарларыңыздың адам немесе жануар өмірі мен денсаулығы, мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау;
- профилактикалық ветеринариялық іс-шаралардың және ветеринариялық көмектің дер кезінде жүргізілуін қамтамасыз ету;
- үй жануарларының аса қауіпті және жұқпалы ауруларға ұшырау күдігі немесе соның салдарынан өлгені туралы дереу жергілікті жердегі ветеринариялық станцияға хабарлау;
- үй жануарларыңыз адамдарға немесе жануарларға дене жарақатын салған жағдайда шұғыл түрде денсаулық сақтау ұйымына, жергілікті жердегі ветеринариялық станцияға және мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлау және жануарыңызды аса қауіпті және жұқпалы аурулардың ықтимал болуын анықтау мақсатында қажетті клиникалық және зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізу үшін ветеринариялық станцияға немесе жеке ветеринариялық клиникаға жеткізу;
- үй жануарларыңыздың қоршаға ортаға зиян келтіруіне жол бермеу;
- үй жануарларыңыздың қалаусыз ұрпағын болдырмау үшін стерилизациядан өткізу;
- үй жануарларыңызды есепке алуды жүргізу;