«Sollur Bey Group» АҚ компаниясы өкілдерімен жиын өткізілді

«Sollur Bey Group» АҚ компаниясы өкілдерімен жиын өткізілді

Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 14 шілдесінде БҚО ветеринария басқармасында тері және жүн өңдеу мәселесі бойынша «Sollur Bey Group» АҚ компаниясы өкілдерімен жиын өткізілді.
Жиынға БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, ет өңдеу кәсіпорындары мен мал сою пункттерінің өкілдері қатысты.
«Sollur Bey Group» АҚ компаниясы өкілі Искендер Яйла компания туралы қысқаша ақпарат беріп, тері мен жүнді қабылдау шарттарына, оны өңдеу қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өтті.