ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын талқылау мақсатында қоғамдық бірлестік ұйымдарымен кездесу ұйымдастырылды

ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын талқылау мақсатында қоғамдық бірлестік ұйымдарымен кездесу ұйымдастырылды

2022 жылдың 11 шілдесінде облыстық ветеринария басқармасында ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын талқылау мақсатында қоғамдық бірлестік ұйымдарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Орал қалалық ветеринариялық станциясы директоры Г. Алибеков, «ZOO Doctor» ветеринариялық клиникасы өкілі И. Рыскина, «Доброе сердце» ҚБ өкілдері А. Кшаева, Н. Воскобойникова, Б. Кабышева, заңгер Д. Кенес қатысты.
Кездесу барысында Заң талаптары бойынша тұрғындарға үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын түсіндіру, Орал қаласы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестік өкілдері басқарма басшылығына өз сауалдарын қойып, бұралқы иттер мен мысықтарды аулау, олардың санын реттеу, тұрғындардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы өз ұсыныстарын білдірді.