
Ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні Бөрлі аудандық ветеринариялық станциясының жас маманы, ветеринариялық фельдшер қызметін атқаратын әріптесіміздің наурыз айында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында алған үйі көршісінің үйінен тараған өрт салдарынан толығымен өртеніп кеткен болатын.
Осыған орай, БҚО ветеринария басқармасының және оған бағынысты ветеринариялық станция мамандары, «БҚО ветеринариялық қызметі қызметкерлерінің кәсіподағы» АҚБ тарапынан қиындық түскен әріптесімізге қаржылай көмек көрсетуде.
Жақсылық жасаудан қалыс қалмайтын әрбір әріптесімізге алғыс айтамыз!